Жамбыл облысында 7 мың бас сүтті сиыр сатып алынады

0
31

Облыстағы 9 кәсіпорынның жүктелімін 80%-ке жеткізу үшін алдағы төрт жылда 7 мыңға жуық бас сүтті сиыр сатып алу жоспарлануда. Оған «Еңбек-2020» бағдарламасы аясында 3,5 млрд. теңге несие қарастырылатын болады, — деп жазады “ZhambylNews” ақпараттық агенттігі.

Бұл туралы ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының м.у.а Қайрат Амановтың төрағалығымен өткен жиында кеңінен талқыланды.

Басқосу барысында сүт өңдеуші кәсіпорын басшыларына 2020-2023 жылдары сүт бағытындағы кәсіпорындардың жүктелімін 80%-ке жеткізу бойынша әзірленіп жатқан жоба таныстырылды.

Бүгінгі күні облыста 19 сүт өңдеуші кәсіпорын тіркелсе, олардың жылдық қуаты 94 мың тоннаны құрайды. Қазіргі уақытта нақты жұмыс істеп тұрған 15 кәсіпорын өткен жылы 53,2 мың тонна сүтті қайта өңдеген.

Сонымен бірге, кәсіпорындар жұмысын «Жамбыл облысы тұрғындарының тұрмыстық табысын арттыру» пилоттық жобасы аясында 11 ауылдық округтерде құрылған кооперативтер жеке қосалқы шаруашылықтардан сүт жинау арқылы жандандыру көзделуде.

Сондай-ақ, облыстағы негізгі сүт өңдеуші кәсіпорын басшыларына «Алқаптан сөреге дейін» пилоттық жобаның негізгі бағыттары түсіндірілді.

Жалпы жобаның негізгі мақсаты – облыстағы негізгі ірі сауда желілеріне несие беру арқылы тауар өндірушінің тауарын сатып алуға, оның ішінде тауар өндіруші жеткізген тауардың құнын жеткізілген күні төлем жүргізу болып отыр. Сонымен қатар, тауар өндірушінің өзіне жеңілдетілген несиені ұсыну мүмкіндігі қарастырылған. Ол үшін тауар өндіруші өз өнімін тікелей немесе бөлшек сауда орыны арқылы тұтынушыға өткізеді.

Жиын барысында өндірушіден сауда желісіне өткізілетін тауардың көтерме бағасының ең төменгі деңгейі талқыланып, ұсыныстар мен ескертулерге сәйкес сүт өнімдерінің жеткізілетін бағасы мен көлемі, жауапты тауар өндіруішінің тізімі нақтыланды. Сонымен бірге, алдағы уақытта сауда желісіндегі тауарды қабылдау мен өткізу шарттарын айқындау бойынша сауда өкілдерімен бірлескен жиын өткізу бойынша ұсыныс берілді.

Жиын соңында кәсіпорын басшылары аталған жобаға қолдау білдіре отырып, өз ұсыныстар жобаға енгізді және оны жүзеге асыруға атсалысатындықтарын жеткізді.

Жауап калдыру

Please enter your comment!
Please enter your name here