Таразда ҚАЖ қызметкерлері қан тапсырды

0
134

Донорлық қанның жетіспеуі бүкіл Қазақстан үшін қазіргі көкейкесті мәселенің бірі. Түрлі бастамалар арқылы оған қоғамның үнемі назары аударылып келеді. Сауапты іске бұл жолы Қылмыстық-атқару жүйесі Жамбыл облыстық департаменті ЖД-158/7 мекемесінің қызметкерлері мұрындық болды. Бұл тәртіп сақшылары үшін дәстүрлі шара. Олар жылына екі мәрте облыстық қан орталығына келуді дағдыға айналдырған. Донор болу арқылы қанға зәру науқастарға көмек беруді ұйғарды , — деп хабарлайды “ZhambylNews”  ақпараттық агенттігі.

Әуелі қан таптырмас бұрын донорлар алдымен медициналық сауалнама толтырды. Қан қысымы өлшеніп, түрлі ауру белгілерінің бар-жоғы зертханалық жолмен анықталды. Тек соның қорытындысы бойынша ғана қан тапсыруға рұқсат алды. Әрқайсысынан 450 граммнан қан тапсырды. Жиылған қан қорының құрамында сирек кездесетін теріс резусті қан тобына ие сақшылар да болды. Сондықтан ол қызметкерлерді орталық айрықша назарына алды. Ақ халаттылар тапсырылған қан көлемі мен оның мінсіз сапасына баса назар аударады. Сондай-ақ, донордың денсаулығы да қадағалауда болады.

Іс-шараға ұжым ұйымдасқан түрде бір кісідей атсалысты. Олар бұл күні қан тапсырып, донор атанды. Дәрігерлердің дерегіне сәйкес қазіргі таңда жас донорлар саны аз. Олар үнемі қан тапсырып жүрсе, зиянды әдеттерден аулақ болып, сәйкесінше, салауатты өмір салтын ұстанатын жас буын қатарының артатынына сенімді.

 

Жауап калдыру

Please enter your comment!
Please enter your name here