Жамбыл облысында қылмыс деңгейі 19,7 пайызға төмендеген

0 5

Жамбыл облысы соттармен ағымдағы жылдың 1 жартыжылдығында 1068 тұлғаға қатысты 895 қылмыстық іс қаралып, 710 үкім шығарылған. Қаралған қылмыстық істердің саны 19,7 % төмендеді, — деп хабарлайды “ZhambylNews” ақпараттық агенттігі.

Бұл туралы «ӨКҚ» алаңында Жамбыл облыстық сотының судьясы, БАҚ-пен өзара іс-қимылды үйлестіруші судьясы Ғалым Құлекеев пен Жамбыл облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Нұрмұхаммат Абидовтың қатысуымен өткен баспасөз конференциясында айтылды.

Ағымдағы жылдың 1 жартыжылдығында апелляциялық сатымен 139 қылмыстық іс, 266 материал қаралған.

Статистикалық мәліметтер бойынша, 2020 жылдың 1 жарты жылдығында облыс соттарымен 8 974 азаматтық іс өндірісімен аяқталып, оның ішінде 6 211 іс шешім шығарумен қаралып, апелляциялық тәртіппен 22 шешім бұзылып, 58 шешім өзгертілген. Кассациялық тәртіппен 4 шешім бұзылған. Кассациялық тәртіппен шешімдер өзгертілмеген.

Бірінші жарты жылдықта 8 974 іс өндірісімен аяқталған істердің ішінде 539 азаматтық іс бойынша татуластыру рәсімдері қолданылған.

Сондай-ақ, ағымдағы жылдың 1 жарты жылдығында облыс сотарымен 4 641 тұлғаға қатысты 4 641 әкімшілік іс қаралған. Апелляциялық тәртіппен 5 қаулы бұзылып, 14 қаулы өзгертілген.

Leave A Reply

Your email address will not be published.