Тараз қаласында еңбек шартын жасамастан 16 жасөспірім заңсыз жұмыс жасаған

0 3

Тараз қаласында жұмыс берушінің кәмелетке толмағандарға еңбек шартын жасамастан жұмысқа жіберуі деректерін анықтау мақсатында күндізгі рейд жүргізіліп, 16 жасөспірім заңсыз жұмыс жасағаны анықталды, — деп хабарлайды «ZhambylNews» ақпараттық агенттігі.

Құрамында Тараз қаласы прокуратурасының бастамасымен жергілікті полиция қызметкерлері және Тараз қаласы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиясы бар топ өңірдегі 13 обьектіден кәмелет жасқа толмаған 16 жасөспірім заңсыз жұмыс жасаған.

Аталған заң бұзушылықтар бойынша ӘҚБтК-тің 86-бабының 3 бөлігіне сәйкес, еңбек инспекциясына 13 обьектінің әкімшілік жауапкершілігін қарастыру бойынша ұсыныстың жобасы әзірленуде.

Сонымен қатар, өткен аптада жоғарыда аталған комиссияның кезекті отырысы өткізілген болатын. Ал күн тәртібі бойынша 2 мәселе қаралды. Отырыс комиссиясы мүшелерінің бірауыздан қабылдаған шешімі бойынша 1 кәмелетке толмаған баланы арнайы мектепке ауыстыру және 1 ата-анаға бала алдындағы жауапкершілігін арттыру мақсатында 1 ай сынақ мерзімін беру туралы шешім қабылданды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.