Жамбыл  ауданының әкімі табысы төмен отбасыларынан шыққан балаларға қуаныш сыйлады

0 0

Жамбыл  ауданының әкімі, Nut Оtan партиясы аудандық филиалының төрағасы Сәкен Арубаев партияның «Балаларды мектепке даярлайық» қайырымдылық акциясы аясында тұрмыстық табысы төмен отбасыларынан шыққан тоғыз балаға заманауи үлідегі планшеттерді табыстап, оқуда озат болып, ел мақтаған ұлдардың бірі болуына тілектестігін білдірді , — деп хабарлайды “ZhambylNews” ақпараттық агенттігі.

– Құрметті достар! Бүгін сіздермен жаңа оқу жылының қарсаңында жүздесіп отырмыз. Еліміздің болашағы мына мектеп табалдырығын аттап, білімін жетілдіріп, түлеп ұшқан жастардың қолында. Жыл сайын білім ордасына қажетті мектеп формасымен қамтамасыз етуді қалыпқа айналдырсақ, бүгінгі жаһандық пандемияға байланысты мына планшеттерді сыйға тартып отырмыз. Игіліктеріңізге пайдалаңыздар, – деді аудан әкімі Сәкен Қаланұлы.

Өз кезегінде балалардың ата-аналары қайырымды амалдарға атсалысқан азаматтарға алғысын айтып, ризашылығын білдірді. Қайырымдылық акциясында партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Рүстем Қасымов, аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің басшысы Мадияр Сәмбетов және аудандық БАҚ өкілдері болды.

«Жастарыңды көрсет, еліңнін ертеңін айтайын» демекші, жастар ықылым заманнан бері – қоғамның қозғаушы әрі жетелеуші күші болып саналады. Ал олардың аяқтан тұрып, еңсе тіктеуіне мемлекетімізде қолға алынған түрлі бағдарламалар мен алуан акциялардың септігі орасан. Бұл тұрғыда мемлекетіміздің басты мақсаты – жастарымыздың жарқын болашағына жағдай жасау екенін қаперге түйгеніміз абзал.

Leave A Reply

Your email address will not be published.