Жамбыл облысында өнеркәсіптік өндірістің индексі 101,4%-ды құрады

0 0
Жамбыл облысында ағымдағы жылдың  қаңтаршілде айында  өнеркәсіп кәсіпорындары 278405,5 млн. теңгенің өнімдерін өндірді. Өнеркәсіптік өндірістің индексі 101,4%-ды құрады, — деп хабарлайды «ZhambylNews” ақпараттық агенттігі.
Өндіріс көлемі облыстың Байзақ, Мойынқұм және Жуалы аудандарында азайған. Тараз қаласында 158150,8 млн. теңгенің өнімдерін өндірді, өнеркәсіптік өндірістің индексі 100,1%-ды құрады.

Тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу саласында өнім өндірісінің 2,3%-ға өcуі байқалды. Металл кендерін өндіру өсті.

Өңдеу өнеркәсібінде өнеркәсіптік өндірістің индексі 100,1%-ды құрады. Химиялық өнеркәсіп өнімдерін өндіру көлемі артты.

Сондай-ақ, электр энергиясымен, газбен, бумен ыстық сумен және ауаны кондициялаумен жабдықтау өнімдерінің өнеркәсіптік өндірістің индексі 108,5%-ды құрады.

Сумен жабдықтау, қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызмет саласында өнеркәсіптік өндірістің индексі 116,2%-ды құраған.

Leave A Reply

Your email address will not be published.