Жамбыл ауданында әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға смартфондар берілді

0 4

Жамбыл ауданында ата-ананың қамқорлығынсыз қалған және әлеуметтік аз қамтылған отбасылардың балаларына онлайн-қашықтықтан оқуға қажетті заманауи планшеттер берілді, — деп хабарлайды “ZhambylNews” ақпараттық агенттігі.

Бұл шара қамқорлықты қажет ететін білім алушыларға көмек көрсетуді көздейтін «Балаларды мектепке даярлаймыз» республикалық қайырымдылық акциясы аясында ұйымдастырылып отыр.

Мұндай қайырымды іс «Nur Otan» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Рүстем Қасымовтың бастамасымен облыс әкімдігі ауыл шаруашылығы басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «Талас-Аса» су шаруашылығы кәсіпорнының директоры Досжан Тоқбергенов, аудандық мәслихат депутаттары Индира Тоғанбаева, Нұрсұлтан Сматов, Бегалы Ералиев, Нуритдин Бегманов, Рамазан Аширов, Данияр Жузанов, Талап Әбдібековтердің атсалысуымен болып отыр.

Қиын шақта балаларға қуаныш сыйлаған демеушілер қазіргі уақытқа нағыз керек дүниені балалардың қолына өздері табыстап, жылы лебіздерін арнады.

Айта кетейік, «Nur Otan» партиясының «Бақытты отбасы – бақытты балалық шақ» жобасы аясында іске қосылған бұл акцияға жаны жомарт, мейірімді азаматтар белсене атсалысуда.

Leave A Reply

Your email address will not be published.