Қордайда кәсіпкерлерге 4 млн теңгеге жуық айыппұл салынды

0 0

Қордайда карантин режимінің сақтық шаралары бойынша 4 мобильді топ өкілдері рейд жұмыстарын күнделікті жалғастырып, нәтижесінде санитарлық талаптарды ескермей, карантин шараларын өрескел бұзған 20-дан астам кәсіпкерге 4 млн теңгеге жуық айыппұл салынды, — деп хабарлайды «ZhambylNews» ақпараттық агенттігі.

Сенбі-жексенбі күндері аудандық жұмысшы топ Қордай ауданындағы бірқатар сауда нысандарын аралап, кәсіпкерлерге төтенше жағдай кезеңіндегі санитарлық қауіпсіздік талаптарының сақталуына байланысты қатаң ескертулер жасады.

Аудан әкімінің орынбасары Б.Жамангозов бастаған мобильді топ мүшелері төрт бағытқа бөлініп, аудандағы көңіл көтеру орындары, мейрамханалар, дәмханалар, дүкендер және өзге де қоғамдық тамақтану орындары мен саябақтарға рейд жұмыстарын жүргізді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.