Қордайда көпқабатты тұрғын үйлер салынуда

0 3

Қордайда көп қабатты үйлер салынып жатыр. Биылдың өзінде бұл өңірде 3 үй тұрғызылмақшы. Аудан орталығында қолға алынған бұл жұмыстар қазір қыза түскен, — деп жазады «ZhambylNews» ақпараттық агенттігі.

Қордай ауданы облысымыздағы эконмикасы мен әлеуеті көтеріліп, әлеуметі артқан елді-мекендердің біріне жатады. Көріктілігімен көз тартатын аудан орталығында жүзеге асқан жобалар жетерлік. Әлемді жайлаған індет пен еліміздегі карантинге қарамастан мұнда құрылыс жұмыстары жалғасып жатыр. Әсіресе ауданда тұрғын үй мәселесіне баса мән берілуде.

60 және 50 пәтерлік бұл үйлер аудан орталығындағы тұрғындармен қатар, әлеуметтік тұрмысы төмен жандар және үй кезегінде тұрған бюджеттік қызметкерлерге берілмекші. Әрине жас мамандар да қамтамасыз етіледі. Әзірге қарқын алған құрылыс жұмыстары кестеге сай жүргізілуде .

— Құрылыс жұмыстарына қажетті материалдардың барлығы отандық өнім. Сапасы жағынан шет елдікінен кем емес. Қазір мұнда 30 ға тарта адам еңбек етуде. Жалақылары тұрақты, уақытында берілуде. Санитарлық талаптар толығымен сақталған,-дейді «Агроспецстрой» ЖШС директорының орынбасары Нұрлан Серікбаев.

Құрылыс жұмыстарына компанияның еңбеккерлерімен қатар, жергілікті тұрғындар да тартылыпты. Олардың ішінде жұмыспен қамту бөлімінен жіберілгендер де бар. Сондай-ақ ауданда «Асарлатып» үй салу да қолға алынған. Жалпы аудан бойынша ағайындардың атсалысуымен 25 үйді тұрғызу жоспарланса, соның 10-ы аяқталып қалған.

Leave A Reply

Your email address will not be published.