Еліміздің басты заңы – 25 жаста

0 8

Д.А.Қонаев атындағы Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай әлеуметтік желіде «Еліміздің басты заңы – 25 жаста» слайд-презентация жарияланды, — деп хабарлайды “ZhambylNews” ақпарат агенттігі.

Оқырмандардың еліміздің Ата заңы жөнінде түсінікті тереңдету мен Конституцияның қабылдануы, қазіргі кездегі қолданысы туралы ақпарат беру мақсатында ұйымдастырылған шараға 15 оқырман мен кітапхана қызметкерлері қатысты.

Слайд барысында қатысушыларға қабылданған Тәуелсіз еліміздің басты заңы – Конституция туралы ақпарат беріліп, Қазақстанның келешегі өздері екеніне көз жеткізу мақсатында мектеп олимпиадалары мен мектептен тыс іс-шараларды өткізетін облыстық «Жамбыл дарыны» орталығымен бірлесе отырып, «Айбары асқақ – Ата заң»интеллектуалды ойыны ұйымдастырылды.

Ойында екі топқа бөлінген қатысушылар интеллектуалды сұрақтарға жауап беру, мақал-мәтелдерді жалғастыру, сиқырлы қалам сайыстары бойынша өз бақтарын сынады.

Іс-шара соңында оқырмандар «Жүрек жылуы» жаттығу арқылы бір-біріне жылы лебіздерін білдіріп, кітапханашы «Айбары асқақ – Ата заң»  кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасады. Кеш қонақтары «Алға» әнін орындап, кітапханамен Д.А.Қонаев атындағы Халықаралық қордың Жамбыл облыстық бөлімшесіне саяхат жасады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.