Берік Нығмашев Жамбыл ауданына жұмыс сапарымен барды

0 3

Облыс әкімінің орынбасары Берік Нығмашев Жамбыл ауданына барып бірқатар нысандарды аралады, деп хабарлайды “ZhambylNews” ақпарат агенттігі.

Алдымен Көлқайнар ауылдық округіне барған облыс әкімінің орынбасары округ жанындағы «Қайрақбай» су айдынының табанына жүргізіліп жатқан тазарту жұмыстарының барысымен танысты.

1974 жылы пайдалануға берілген су айдыны көп жылдан бері тазалау жұмыстарын көрмегендіктен биыл «Қызыл дихан» өндірістік кооперативі суармалы алқап көлемін арттыру мақсатында механикалық жасақ арқылы тазарту жұмыстарын жүргізуді қолға алған болатын. Бұл жұмыстар толық аяқталғанда 400 гектардан астам жерді суаруға мүмкіндік туады деп жоспарлануда.

Одан кейін Берік Болатұлы «Қызыл дихан» өндірістік кооперативінің қант қызылшасы алқабын аралап көрді. Онда кооператив басшысы Нуридин Бегмановпен тілдесіп, агроқұрылымның жұмыс жоспарларына қанықты.

Сондай-ақ, облыс әкімінің орынбасары Тараз қаласы маңындағы мал базарына табан тіреп, базар басшылығымен кездесті.

Кездесу барысында осы аптада базар жұмысын бастау мәселесін талқылып, базардың дайындық жұмыстарын көзбен көрді.

Айта кету керек, бұған дейін мал базарының өкілдері мен облыс тұрғындарының базарды ашу туралы ұсыныстары көп айтылғанды. Осыған байланысты тиісті сала басшылары егер базар әкімшілігі мен тұрғындар карантин режимін қатаң сақтап, қойылған талаптарды орындайтын болса, базарды ашамыз деген шешім қабылдаған болатын.

Өз кезегінде Берік Болатұлы базар басшылығына мал базардың дайындық жұмыстарын сәрсенбі күні толық аяқтауды тапсырып, барлығы талапқа сай келсе 28 тамыз күні базар ашылатынын жеткізді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.