Мойынқұмдық жаны жомарт жан

0 2

Бүгін Мойынқұм аудандық орталық ауруханасына «Жігер — 2004» ЖШС-нің директоры Елікбай Байбосынов 1 дана оттегі концентраторы, 1 дана термометр және 1 дана қан қысымын өлшейтін құралдарды табыс етті, деп жазады “ZhambylNews” ақпарат агенттігі.

Елімізде вирусты инфекцияның таралуына байланысты халықтың денсаулығын ойлап және сақтауға жеке кәсіпкерлерде өз көмектерін көрсетуде.

Жаны жомарт жан бұнымен қоса Тараз қаласында тағы бір ауруханаға осындай оттегі концентраторының 15 данасын табыс еткен болатын.

Қабылдау шарасына аудандық орталық ауруханасының бас дәрігерінің орынбасарлары Тұрсынкүл Рыстанбаева мен Бота Әбішева қатысты.

Сондай-ақ, аталмыш мердігер ауданымызда «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында Айдарлы ауылында 3 көшеге және Мойынқұм ауылында 13 көшесіне жөндеу жұмыстарын жүргізуде.

Leave A Reply

Your email address will not be published.