Қордай ауданында «Ауыл –ел бесігі» жобасының аясында бірнеше спорт нысандары пайдалануға беріледі

0 6

Қордайлықтар «Ауыл –ел бесігі» жобасының тиімділігін көре бастады. Қазірдің өзінде аудан орталығындағы 21 көшеге (52,8 шқ) орташа жөндеу жұмыстары жасалып, аяқталған. Үш ауылда сорт нысанының құрылысы жүргізіліп жатыр, — деп жазады «ZhambylNews» ақпараттық агенттігі.

Аталған бағдарламасы аясында ауданда 1 834 млн. теңгеге 24 жоба іске асырылуда. Нәтижесінде ауылішілік жолдар жөнделіп, инфрақұрылым мәселесі өз шешімін тапқан. Қордай, Отар, Бетқайнар ауылдарында тәулігіне 780 келушіге арналған 3 бірлік спорт нысандары ашылмақ. Жоспарға сай нысандар қараша айында пайдалануға беріледі деп күтілуде. Аталған жұмыстарға 1 832,3 млн.теңге қаражат бағытталып, уақытша 301 жұмыс орындары ашылған.

Сондай-ақ, «Нұрлы жер» және «Өңірлерді дамыту» бағдарламалары аясында 7594,1 млрд. теңгеге 25 ірі құрылыс жобасы іске асырылуда. 13 нысанның құрылысы жүргізілсе, 8 нысанға күрделі, 4 нысанға орташа жөндей жұмыстары жүргізілуде. Масанчи, Қалғұты, Күнбатыс ауылдарындағы жаңа мектеп құрылысы, 50 пәтерлік үйлер мен Қордай ауылы маңындағы жаңа тұрғын үй құрылысы алаңдарына инфрақұралымдарды жүргізу, бірқатар мектептердегі қазандықтарды ауыстыру, ауыларалық жолдарды жөндеу сынды жұмыстары атқарылуда.

Ал Әулиеата өңірінде қайта жаңғырған «Асар» дәстүрімен ауданда 15 үй салынуда.

Leave A Reply

Your email address will not be published.