Ата Заңымыз жарқын істердің қайнар көзіне айналды – Сәкен Арубаев

0 1

Жамбыл ауданы әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімі Сәкен Арубаев Қазақ­стан Республикасының Конситуциясына 25 жыл толуына орай зиялы қауым өкілдерін қабылдады, — деп хабарлайды “ZhambylNews” ақпарат агенттігі.

Аудан басшысы ардагерлердің, жергілікті кәсіпкерлер және түрлі сала қызметкерлердің бірқатарына мерекелік медальдар мен төсбелгілерді, Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттарды салтанатты жағдайда табыс етті.

– Баршаңызды ҚР Консти­туциясы күнімен шын жүректен құттықтаймын! Қолданыстағы Конституциямыздың бірауыздан қабылдануы еліміздің тарихында маңызды оқиға болғандықтан, айтулы күні өздеріңізбен жүздесуді жөн көріп отырмыз. Ел-жұрттың талқысынан өтіп, ортақ таңдауына айналған қастерлі құжатымызды қадірлеу – баршамыздың азаматтық парызымыз. Ғасырлар тоғысында әлемдік өркениеттің шыңына ұмтылған еліміз тағдыр кесті шешімдер қабылдап, жаңа дәуірге қадам басты. Ата Заңымыз мемлекетіміздің кез келген жетістігі мен жарқын істерінің қайнар көзіне айналды, – деді Сәкен Қаланұлы.

Бұдан кейін Мырзабай Бекназаров, Сансызбай Махамбетқұлов, Сабри Асанов, Айкерім Әуелбаева, Нұргүл Бекқұлиева, Нүркен Жуатов, Жанат Жұмашова, Владимир Косенко, Қайрат Қаймолдаев, Қалдарбек Құрманәлиев, Дәулетбай Нұрбаев, Валерий Панкратов, Мұхит Раймбердиев, Гүлнар Сариева, Райымбек Сейітов, Тұрсымбет Спаналиев, Майя Сүлейменова, Абдумалик Шарипов, Индира Шоңғароваға «Қазақстан Конституциясына – 25 жыл» мерекелік медалін, Халбай Дюсбаев, Оразкүл Есупова, Ақбота Есмұрзаева, Ғалымжан Қайнарбеков, Досым Каипов, Берік Қалиев, Абдрасул Нурахунов, Талап Нұрбаев, Мұрат Разақов, Ғани Садықовқа арнайы төсбелгі, Нұржігіт Архабеков пен Махсут Искандаровке облыс әкімінің Құрмет грамотасын табыс етіп, Хайрулла Азимовты аудан әкімінің Құрмет грамотасымен, Ақан Сыдықов, Сәрсембай Күзербаев, Байтанағали Төлентаевты аудан әкімінің Алғыс хатымен, Болган Исмайлова мен Құрманбек Ерімбетовті Nur Otаn партиясы аудандық филиалының Құрмет грамотасымен марапаттады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.