Жамбыл ауданында білім күні аталып өтті

0 5

Жамбыл ауданындағы Юрий Гагарин атындағы мектеп-лицейінің ұжымы алғашқы қоңырау мерекесін ерекше бағытта өрбітті. Себебі, сап түзегін оқушылар мен сыңғырлаған қоңырау үні соғылмады,  деп жазады «ZhambylNews» AA.

Арақашықтың сақтаулы, санитарлық талап, көп адамның шоғырланбауы қазіргі таңда басты талап болып отыр. Аталмыш білім ордасына биыл 1-4 сыныптар аралығын қамтитын 162 оқушы аяқ басады. Бұл мектеп ҰБТ көрсеткішімен соңғы жылдары көш бастап тұрған білім ұясы.

Ерекше білім беру тәжірибесі қалыптасқан лицейге арнайы келген облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Дауыл Бейсенқұлов салтанатты шара басында ұлы ғұлама ойшыл «Әбу Насыр әл-Фарабидің туылғанына 1150 жыл» атты семинар-практикум сағатын өткізді.

Жиында ауыл әкімінің орынбасары Ертай Бозымбеков, мектеп директоры Дәметкен Бегманова және ата-аналар қауымы алғаусыз тілегін жеткізді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.