Талас ауданында «Бизнес жол картасы 2020» бағдарламасы аясында 6 жоба іске асырылуда

0 1

Талас ауданында ағымдағы жылдың қаңтар-шілде айларында «Бизнес жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы бойынша 182 млн. 100 мың теңгенің 6 жобасы жүзеге асырылуда, деп хабарлайды “ZhambylNews” AA.

— Жобаларды талдап айтсақ, пайыздық ставканы субсидиялау құралы аясында қаңтар-сәуір айларында 98 млн. 600 мың теңгенің 3 жобасы іске асырылған. Олар, «Амира» медициналық орталығына құрал-жабдықтар сатып алу мақсатында 20 млн. теңге несие алуға «Форте Банк» АҚ арқылы оң шешім алды.  Сондай-ақ, «Луиза» кәсіпкерлік нысанының құрылысы және жөндеу жұмыстарына  «Форте Банк» АҚ арқылы 38 млн. 600 мың теңге несие алынып, жоба аясында тұрақты 2 жұмыс орны ашылды. Бұдан кейін, «Сарсалиев Алтынбек» ойын-сауық  орталығы қызметін кеңейту мақсатында «Халық банк» АҚ арқылы 40 млн. теңге несие алынды, — деді Талас ауданының әкімі Бақыт Қазанбасов «ӨКҚ» алаңында өткен брифингте.

Сонымен қатар ауданда 83 млн. 500 мың тенгенің 3 жобасы екінші деңгейлі банктер арқылы іске асырылып (қарауда) жатыр. Ал, «Банк кредиттері бойынша кепілдік беру» аясында 40 млн тенгенің 1 жобасы іске асырылған.

Талас ауданында инвестициялық жобалар бойынша құны 3,7 млрд. теңгені құрайтын, қуаттылығы 9,0 мВт болатын жел электр энергиясын өндіру мақсатында «Вин Пауер Сити» және «Вин Электрсити» ЖШС-нің соғу жұмыстары жүргізілуде.

Сонымен қатар, «TalasInvestmentCompany» ЖШС-нің қуаттылығын 15,0 мың тоннадан 30,0 мың тоннаға дейін көтеру мақсатында, құны 25 млрд. теңгені құрайтын зауыттың жанынан қосымша цех соғу жоспарлануда.

Leave A Reply

Your email address will not be published.