Жамбыл облысында жедел жәрдем шақыртулар саны 1200-1300-ге дейін азайды

0 3

Жамбыл облысында жедел жәрдем шақыртуларының саны 1200-1300-ге дейін азайды, — деп хабарлайды «ZhambylNews» ақпарат агенттігі.

Жамбыл облыстық жедел медициналық жәрдем стансасында тәулігіне облыс бойынша 93 жедел жәрдем бригадасы қызмет көрсетуде, оның ішінде Тараз қаласы бойынша 43 бригада шақыртуларға шығады. Жедел жәрдем бригадалары медициналық қызметкерлермен толық қамтамасыз етілген.

Жамбыл облыстық жедел медициналық жәрдем стансасының орталық базасындағы 103 Call-орталығына тәулік бойы түскен шақыруларды 12 диспетчер қабылдайды. Пандемияның бірінші толқыны кезінде шақыртулар саны тәулігіне 2000-нан аса болған, яғни шақыртуларға кешігулерді азайту мақсатында қосымша арнайы 5 мобильді бригада медициналық қызмет көрсеткен.

Қазіргі таңда жедел жәрдем шақыртуларының саны 1200-1300-ге дейін азайған. Екінші толқынға дайындық жұмыстарын жүргізу мақсатында бүгінде барлық жедел жәрдем бригадалары дәрі-дәрмектермен, қажетті құрал-жабдықтармен және жеке қорғаныш құралдарымен толығымен қамтамасыз етілген.

Сондай-ақ, облыстық денсаулық сақтау басқармасынан қосымша тағы екі айлық қорға бір реттік қолдануға арналған 60 мың дана обаға қарсы костюмдер, 1000 дана қорғаныш көзілдіріктер, 100 мың дана медициналық қолғаптар, 100 мың дана бетперделерге тапсырыстар берілді.

Облыстық жедел жәрдем стансасында 135 санитарлық автокөлік тіркелінген, оның 48%-ының (65 көлік) есептен шығаруға құжаттары берілген. Алдағы уақытта қосымша лизингі бойынша 2020 жылдың соңына дейін 52 санитарлық автокөліктер беріледі деп күтілуде.

Leave A Reply

Your email address will not be published.