Жамбыл облысында жол бойынан ер адамның мәйіті табылды

0 0

Жамбыл облысы аумағында 3 қыркүйек күні таңертең Алматы-Шымкент тасжолының жиегінен 29 жастағы ер адамның мәйіті табылды, — деп хабарлайды “ZhambylNews” ақпарат агенттігі облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Марқұмның алған жарақаты мен оқиға болған жерден табылған көлік бамперінің шыны және пластмасса сынықтары жол-көлік оқиғасы болғанын көрсетеді.

«Аталған фактіге қатысты ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігі және 347-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Жедел-іздестіру шаралары барысында Жуалы ауданының полиция қызметкерлері және облыстық ПД ЖПҚБ «Газель» автокөлігін басқарған 30 жастағы түркістандықты қолға түсірген. Күдікті қылмыс фактілерін жасыру үшін Шымкент қаласының техникалық қызмет көрсету станциясында көлігінің фарасы мен бамперін ауыстырып үлгерген. Ол өз кінәсін мойындады. Қазіргі таңда тергеуге дейінгі тексеріс жүргізіліп, бірқатар сараптамалар тағайындалды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.