Сарысуда мемлекеттік қызметшілер арасында эстафеталық жарыс өтті

0 3

Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай Сарысу ауданының мемлекеттік қызметшілері арасында эстафеталық жарыс өтті. Оған 25 қатысушы қатысты, деп жазады “ZhambylNews” ақпарат агенттігі.

Аталмыш додаға ауданның мемлекеттік қызметкерлерінен жасақталған 5 құрама команда қатысып, сайыста 3-орынды Сарысу ауданы және Жаңатас қаласы әкімінің аппараты құрамасы иеленді. 2-ші орынды Саудакент, Игілік, Жаңаталап ауылдық окргтерінен жасақталған «Намыс» командасы иеленсе, Сарысу аудандық эстафеталық жарыстың жеңімпаздары «Айбын» командасы болды.

Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері Сарысу ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің бұқаралық спорттық іс-шаралар өткізу орталығының тағайындаған арнайы грамота, медаль және кубоктармен марапатталды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.