Санитарлық талаптарды қатаң сақтауымыз керек — Бақытжан Жақсылықов

0 0

Бүгін Сарысу ауданының әкімі Бақытжан Жақсылықов тікелей эфир арқылы әкімдік сағатында коронавирустан сақтану жолдарын атап айтты, деп жазады “ZhambylNews” ақпарат агенттігі.

Бүгінде әлем елдеріне қауіп төндіріп тұрған коронавирустан сақтану шаралары бүкіл әлемде өзекті болып отырғандығы анық. Облыс аумағында коронавирустық инфекцияның таралуы біршама тұрақтанғанына қарамастан, тұрғындар әлі де маска режимін, әлеуметтік арақашықтықты, жеке гигиена мен дезинфекциялық қауіпсіздік шараларын сақтауы маңызды күйінде қала бермек керек.
Аурудың алғашқы белгілері пайда болған жағдайда жедел жәрдемге жүгіну керек. Бұл қарапайым, міндетті, қауіпсіздік шаралары коронавирустық инфекцияның таралуын едәуір төмендету мүмкіндігін есте ұстаған абзал, — деді аудан басшысы.

Осы және өзгеде денсаулық саласындағы атқарылған жұмыстарды Сарысу аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері Бағила Бегманова толықтыра түсті.

Әлемдегі коронавирус пандемиясының екінші толқынының таралуына байланысты сақтық шараларын сақтаңыздар. Инфекциядан қорғанудың ең тиімді амалы – жеке гигиена мен санитарлық тазалықты қамтамасыз ету. Үйде өзіңіз ем қабылдаудан сақ болыңыз. Коронавирустың, жедел респираторлық аурулардың белгілерін байқасаңыз, медициналық жедел жәрдем,телефоннан 103 нөміріне немесе учаскелік дәрігеріңізге хабарласыңыздар! — деп нақтылап өтті бас дәрігер.

Әкімдік сағатын 1500-ге тарта адам бір сәтте көрді. 40-қа тарта сауалдар түсіп, олардың барлығына дерлік жауаптар қайтарылды. Осындай халық пен билік арасын жақындатушы тікелей эфир, әкімдік сағаты, қабылдаулар апта сайын жалғасуда. Соның нәтижесінде бастапқыға қарағанда кейінгі қабылдау, әкімдік сағаттарында сұрақтар аз түсуде.

Leave A Reply

Your email address will not be published.