Мәден Мұсаев бірқатар құрылыс жұмыстарымен танысты

0 0

Мойынқұм ауданының әкімі Мәден Мұсаев бүгін аудан орталығында «Жұмыспен қамту жол картасы» мемлекеттік бағдарламасы аясында және аудан бюджетінен жүргізіліп жатқан бірқатар құрылыс жұмыстарымен танысты, деп хабарлайды “ZhambylNews” ақпарат агенттігі.

Алдымен аудан әкімі тұрғын үйге берілетін аудан бюджеті есебінен қаралған №8 Мойынқұм коллдежі жатақхананасының құрылыс жұмыстарының жайымен танысты. Онда әр бөлмеге кіріп көрген аудан әкімі Мәден Тоқтарбайұлы, күн суытпай құрылысты аяқтап, пайдалануға беруді жылдамдатуды тапсырды.

Бұдан соң «Жұмыспен қамту жол картасы» мемлекеттік бағдарламасы аясында Мойынқұм ауылындағы орталық алаңды абаттандыру жұмыстары менде танысты. Жобаның құны – 119 955,0 мың теңге, «Қаратау жолдары» ЖШС 106 120,0 мың теңгеге келісім шарт жасалған. Жобаға 40 адам жұмыспен қамтылатын болса, жұмыспен қамту орталығы арқылы 20 адам қамтылған. Орталық алаңдағы темір қоршауларға, бетон бордюрлерге демонтаждау жұмыстары толығымен аяқталған. Қазіргі уақытта абаттандыру жұмыстары 40 пайызға аяқталып отыр.

Келесі кезекте аудан әкімі Жаз ата саябағында болып, абаттандыру жұмыстарын жүргізу үшін ауыл әкіміне тапсырма берді. Содан соң Мойынқұм ауылына кіре берісіндегі арканың ағымдағы жөндеу жұмыстарымен танысты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.