Сарысу ауданының әкімі ауыл тұрғындарымен кездесті

0 15

Бүгін Сарысу ауданының әкімі Б. Жақсылықов Жаңаарық ауылдық округіндегі елді мекендердегі мекемелерді аралап, атқарылған жұмыстармен танысып, тұрғындармен кездесті, деп жазады “ZhambylNews” ақпарат агенттігі.

​Кездесуде күн тәртібіндегі мәселе бойынша Жаңаарық ауылдық округі әкімі Оңласын Мұқашов баяндама жасады.

Баяндамадан соң ауылдың бірқатар тұрғындары шығып, сөз сөйлеп, ұсыныс пікірлерін ортаға салды.

— Е.Баймаханов көшесінің бойында бірнеше үй орналасқан. Көшеде түнгі жарық беру шамдары жоқ. Қашан жарық шамдары орнатылады?
​Біраз шаруа қожалықтары Жон өлкесіне егін егеді. Ауылдың сиырлары сол егінге барып түседі. Жеке меншік сиырларды бағатын бақташы жоқ. Сол бақташы қашан болады?,- деді зейнеткер К.Ерсейтов.

Аудан әкімі қойылған сұрақтардың орынды екендігіне тоқтала келіп, жауап беру үшін сөзді О.Мұқашовқа берді.

Е.Баймаханов көшесінің тұрғындарына түнгі жарық беру үшін жобалық сметалық құжаттары жасалынады. Бұл келесі жылы атқарылады, — деді ол.

Содан соң аудан әкімі ауылдық округ әкімі О.Мұқашовқа 1 ай мерзімде бақташы шығару туралы тапсырма берді.

Ал, О.Тасыбаева сынды зейнетердің “Ауылда электрик жоқ ?” -деген сұрағына ауылдық округ әкімі:

— Бұл сұрақ бұрынғы жиындарда да көтерілген болатын. Осы мәселе бойынша аудандық электр жүйесін тарату мекемесіне хабарласқанымызда, олар арнайы штат бірлігі жоқ екендігін айтқан болатын. Сол себепті, қазіргі уақытта Ақтоғай ауылында қоғамдық жұмысшы ретінде бір азаматты жұмысқа қабылдадық. Сол арқылы жарық беру шамдарын ауыстырып отырмыз,- деп жауап қайтарды.

​Жиынды аудан әкімі Б.Жақсылықов қорытындылап, алдағы уақытта атқарылатын жұмыстар туралы ауылдық округінің әкімі О.Мұқашовқа біраз тапсырмалар берді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.