Сарысу кітапханасында «Қазақ рухынаң қыраны»атты офлайн поэзиялық подиум өтті

0 1

Сарысу аудандық кітапханасының абонемент бөлімінің ұйымдастыруымен Жұбан Молдағалиевтің 100 жыл толуына орай «Қазақ рухынаң қыраны»атты офлайн поэзиялық подиум өтті, деп хабарлайды “ZhambylNews” ақпарат агенттігі.

Іс шараға N5 кәсіптік колледж білімгерлері мен ұстаздары қатысты. Колледж білімгерлері ақынның өлеңдеріне тоқталып өтті.

Жұбан Молдағалиев — қазақ ақыны, аудармашы, журналист, Қазақстан Республикасының Халық жазушысы, 1920 жылы 5 қыркүйекте Орал облысы Тайпақ ауданы Сайқұдық ауылында кедей шаруа отбасында дүниеге келген.

Көрмеге Жұбан Молдағалиевтың «Мен – қазақпын! Я – казах!», «Байқоңыр баспалдақтары», «Жыр күнделіктері», «Қыран бала. Өлеңдер мен поэмалар», «Өлеңдер мен поэмалар», «Таңдамалы шығармалар», «Шалқыма», «Таңдамалы»​ ​ ​ ​ «Жұбан Молдағалиев. Публицистика, очерктер», сонымен қатар келесі аудиокітаптар «Мен – қазақпын» еңбектер ұсынылды.

Ж.Молдағалиевтің поэзиясы дала өлкесінің өткені мен бүгінін, халық өмірінің ақындық жылнамасын бейнелеген қазақ әдебиетінің ең жарқын беттерінің бірі болды. Ж.Молдағалиевтің бір тұтас болған шығармалары Қазақстанның ұлттық мәдениетінің игілігіне айналды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.