Бақытжан Жақсылықов Түркістан ауылдық округіне барды

0 1

Әр ауылдық округте ауыл әкімдерінің есепті мерзімде атқарған жұмыстарын округ активінің қатысумен талқылауға арналған жиындар өткізу қолға алынуда. Бүгін осы іс-шара Түркістан ауылдық округінде жалғасын тапты, деп жазады “ZhambylNews” ақпарат агенттігі.

Аудан әкімі Бақытжан Жақсылықовтың төрағалығымен аппараттық кеңеске аудан, округ әкімдіктері тиісті бөлімдерінің және мекеме басшылары қатысты.

Жиында қаралған негізгі мәселе Түркістан ауылдық округінде жыл басынан бері атқарылған жұмыстар туралы округ әкімі Жандарбек Мұхтарұлының хабарламасы тыңдалды.

— 3 елді мекенде 1409 тұрғыны бар ауылдық округтің негізгі бағыты ауылшаруашылығы саласы. Мұндағы 71 шаруа қожалығының 61-іегістікпен айналысады. Өткен жылы диқандар 13351,9 гектар аумаққа дәнді дақылдар орналастырылып, жоспарды 2,7% артық орындады (12998,8 га). Егістік жер алқабын тыңайтып, ауыспалы егіс жүйесін пайдаланатын диқандар 2 252,8 гектарғажоңышқа орналастырса, парға 248,3 гектар жер қалдырды. «Саудакент» несие серіктестігі арқылы 13 шаруашылық құрылымдары көктемгі егіс-дала жұмыстарына 16,5млн. теңгеге жанар-жағармай алды. 28 шаруашылық 421,5 тонна минералды тыңайтқыш пайдаланды, — дейді округ басшысы.

Егін жинау науқанына 26 комбайн, 32 автокөлік қатысқан. Күздік бидайдың өнімділігі — 19,6 центнерден, жаздық арпаның өнімділігі — 20,1центнерден,майлы дақылдардың өнімділігі 7 центнерден айналып отыр.

Аудандағы 21 астық қоймасының 18-і осы округ аумағында орналасқан. Осы жылы 2 кәсіпкер жеке қаражаттарына астық сақтайтын қоймалардың құрылысын жүргізді («Әбілхайыр», «Домалақ Ана» ш/қ,).
Бүгінгі күні 2 қойманың құрылысы жүруде. Келер жылы «Ынтымақ» шаруа қожалығы қосымша 1 қойма салуды жоспарлауда. Диқандар күзгі дала жұмыстарына кірісіп, 450 га жерді тұқым себуге дайындады.

Сондай ақ округ әкімі ауылдағы жол, білім, мемлекеттік бағдарламаның орындалуы, салық пен халық жөніндегі барлық ақпараттарды да қамти өтті.

Хабарлама аясында сауалдар берілді.
Аудан әкімі Б.Жақсылықов жиынды қорытындылай келе, жиында айтылған ұсыныс-пікір, сын-ескертпелер бойынша тиісті іс-шаралар жоспары жасалып, орындалуы тұрақты бақылауға алуды тапсырды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.