Сарысулық дихандар қауын шаруашылығымен айналысуда

0 3

Сары даласын сағым сүйген Сарысуда қауын — қарбыз егілуде. Ауданда ауа райы қолайсыз, алайда, шаруалар тәуекелге барып отыр. Ізденісті еңбек жемісті нәтиже де бере бастаған, деп жазады “ZhambylNews” ақпарат агенттігі.

Негізінен қауын жабайы түрде Оңтүстік-Батыс Азия мен Африкада өседі. Бұдан 2 мың жыл бұрын қауынды Кіші және Орта Азия жерінде мәдени дақыл ретінде өсіре бастаған. Ал сарысулық диқандар өңірдің климаттық жағдайын ескере отырып, биылғы жылы шамамен 30 гектар алқапқа қауын еккен. Алдағы уақытта дақылдарды халықаралық саудаға шығару да ойда бар секілді.
Ыстық күндері қауынның піскендерін іріктеп жинап алады, сондай-ақ дақылдарды жинауды ауа-райы суымай тұрғанға дейін аяқтайды. Қауындарды қолайлы жағдай жасай отырып, қоймаларда, қораларда, гараждарда сақтауға болады.

Қазақстанның оңтүстігіндегі суармалы жерлерде гектарынан 300-400 ц өнім алуға болады. Мұнда көкөніс өсірумен шұғылданатындар баршылық. Дегенмен, тұрғындардың басым көпшілігі шұрайлы жер бар болғанымен халықтың дені «машақаты көп», деп мән бермейтін көрінеді.

Иә, қазіргі таңда егіс алқаптарында еңбек көрігі қызған шақ. Ертелі-кеш уақытпен санаспаған аудан диқандары ертеңгі күннің мол өнімінің негізін қалап жатыр.

Leave A Reply

Your email address will not be published.