Еркімбек Солтыбаев бастаған топ Биназар ауылдық округіне барды

0 7

Жамбыл облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Еркімбек Солтыбаев бастаған топ «Үлгілі ауыл» жобасына енген Биназар ауылдық округіне барды, деп хабарлайды “ZhambylNews” ақпарат агенттігі.

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында ауыл тұрғындарының тұрмыс жағдайын арттыру, өмір сүруге қолайлы орта қалыптастыру мақсатында Жамбыл облысы әкімі Бердібек Мәшбекұлының қолдауымен «Үлгілі ауыл» жобасы бастау алған болатын.

Топ мүшелері алғашқы қадамдарын «Биназар Ақеділұлының» ескерткішіне бас иіп, гүл шоқтарын қоюмен бастады.

Одан әрі 4 топқа бөлінген сарапшы топ мүшелері ауылдың рухани мәдени ескерткіштерін, ауыл музейін, кәсіпкерлік нысандарын, білім ошақтарын және «Асарлатып» салынып жатқан үйді, сондай ақ жөнделген жолдарды және жалпы ауыл ішін аралап, ауылдың тыныс тіршілігіне өз бағаларын беріп, қорытынды жиында ұсыныстарын білдірді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.