Басты құндылық -ұлтаралық келісім

0 6

Талас ауданы әкімдігінің мәжіліс залында «Бейбітшілік пен келісім» жобасы аясында «Ақпараттық-түсіндіру» бойынша кездесу өтті, деп жазады “ZhambylNews” ақпарат агенттігі.

Кездесуде аудан әкімінің міндетін атқарушы Қ.Садубаев сөз алып, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Ержан Жылқыбаевпен бекітілген «Бейбітшілік пен Келісім» пилоттық жобасының «Ақпараттық- түсіндіру» тобының Тараз қаласы мен аудандарда өтетін іс-шаралардың жұмыс жоспарына сәйкес келген жұмысшы топпен таныстырды.

Жиынға аудандық прокуратура, полиция бөлімі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті аудандық бөлімшесінің өкілдері, тиісті бөлім басшылары, ардагерлер кеңесі, қоғамдық кеңес және билер алқасының кеңесінің төрағалары қатысты.

Ауданымызда ұлтаралық келісім құндылықтарын насихаттауға, этносаралық қақтығыстардың алдын алуға және реттеуге бағытталған және Мемлекеттік әлеуметтік бағдарламалар шеңберінде ұсынылған мүмкіндіктер туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізу біздің басты міндетіміз, — деді аудан әкімінің міндетін атқарушы Қ.Садубаев.

Leave A Reply

Your email address will not be published.