Мойынқұмда көпбалалы, үйсіз отбасыларға арнап жатақхана қолданысқа берілді

0
102

Мойынқұм ауданында көпбалалы, үйсіз отбасыларға арнап жатақхана қолданысқа берілді, деп хабарлайды “ZhambylNews” ақпарат агенттігі.

Мойынқұм ауданында көпбалалы үйсіз, үй кезегінде тұрған отбасылар үнемі аудан әкімінің қабылдауында болып, тұрғын үй сұрап келген болатын. Аудан әкімінің ұсынысымен осы жылдың басында қараусыз, жөндеусіз тұрған 4 қабатты жатақханаға аудан бюджетінен 27 млн теңге қаржы бөлініп 1 және 2 қабаттары жөндеуден өткізіліп, шатыры ауыстырылып, ішіне орталықтандырылған жылыту батареялары жүргізіліп, ауыз су мен әжетхана ішке кіргізілді.

Бүгінгі таңға 6 көпбалалы, жалғызілікті үй кезегіндегі жанұяларға бірінші қабаттан пәтерлердің кілттері аудан әкімі Мәден Мұсаевтың құттықтауымен салтанатты түрде табыс етілді.

Пәтерлі болған тұрғындар шашу шашып аудан басшылығына өз алғыстарын білдірді.

Жауап калдыру

Please enter your comment!
Please enter your name here