Мойынқұм ауданында шектеу шаралары жалғасуда

0 0

Мойынқұм ауданы әкімдігі жанынан құрылған  мобильді топ коронавирусты инфекцияның екінші толқынын болдырмау мақсатында Бірлік, Биназар, Хантау ауылдық округтерінде болып, бірқатар сауда нүктелері мен жазғы мейрамханаларға, мектептерге рейд жұмыстарын жүргізді, — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА.

Құрамында аудан әкімдігінің кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің басшысы Қ.Төлеубеков, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы  М.Қалдыбеков, аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру – инспекторлық бөлімшесінің бас инспекторы Д.Әлтәмашев және полиция бөлімі қызметкерлері бар топ бетперде киюді міндеттеп, санитарлық талаптардың сақталуына зерделеу жүргізді.

Рейдтік жұмыстары барысында 15 нысанға тексеру жүргізіліп, 2 нысаннан кемшіліктер анықталып, соларға байланысты хаттама толтырылды. Ауданда жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлік нысандарында карантиндік іс-шараларының сақталуына тексеру жұмыстары тұрақты жүргізілуде. Нәтижесінде тоб мүшелері 20 хаттама толтырып, 833 400 теңге айыппұл салынды. Аудандағы 7 нысанға хаттама толтырылып, аудандық полиция бөліміне тапсырылды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.