Мойынқұм аудандық мобильді топ жұмысын күшейтуде

0 2

Бүгін Мойынқұм аудандық мониторинг топ жетекшісі аудан әкімінің орынбасары  Амангелді Нәметқұлов бастаған топ рейд жұмыстарын жалғастыруда, деп хабарлайды “ZhambylNews” ақпарат агенттігі.

Топ мүшелері әлемді дүрліктірген коронавирусты инфекцияның екінші толқынын алдын алуға және Жамбыл  облысы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің  қаулыларының талаптарының орындалуын зерделеу мақсатында Ұланбел, Сарыөзек, Қарабөгет, Құмөзек және Қылышабай  ауылдарында болып, ондағы орналасқан нысандарда санитарлық талаптардың орындалуына  мониторинг жұмыстарын жүргізді.

Нәтижесінде аталған ауылдардағы анықталған бұзылушылықтарға байланысты  6 хаттама  толтырылды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.