Жамбылда «Зорлық-зомбылықсыз және қатігездіксіз балалық шақ» республикалық ақпараттық науқаны басталды

0 17

Жамбыл облысында 9-20 қараша аралығын қамтитын «Зорлық-зомбылықсыз және қатігездіксіз балалық шақ» республикалық ақпараттық науқаны басталды, деп хабарлайды “ZhambylNews” АА.

— Бұл — білім және ғылым министрлігінің балалар құқықығын қорғау комитетінің ұйымдастыруымен  еліміз бойынша 10 күн бойы өткізіледі, — деді облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Талғат Жамалов,  ӨКҚ алаңында болған брифинг барысында.

Мақсат – балаларға қатысты  қатігездік қарым-қатынастарға қоғам назарын бұру,   балалар өміріне байланысты бей-жай болмауға шақыру.

Ақпараттық науқан аясында аймақта 15-ке жуық түрлі іс-шара өтпек. Олардың қатарында түнгі рейдтерден бастап, онлайн-семинарлар мен эссе жазу, фото конкурс секілді шарапатты шаралар ұйымдастырылатынын айтты.

Талғат Жамаловтың айтуынша, биыл кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстардың алдын-алу мақсатында прокуратура, білім беру және денсаулық сақтау органдарымен 2 мыңға жуық бірлескен рейдтер жүргізілген. Оның 1400-і мектептер маңында өтіпті. Нәтижесінде 5400-ден астам әкімшілік құқық бұзушылық анықталған. Оның ішінде  3 мыңға жуығы кәмелетке толмағандардың  түнгі уақытта  тыста жүруі ретінде тіркеліпті.

Басқарма басшысының орынбасары балаларға қатысты статистика сандарын да сөйлетті.  Мәселен, Жамбылда осы жылдың 10 айында кәмелетке толмаған жасөспірімдерге қатысты 138 қылмыстық іс тіркелген. Оның ішінде оқушы зорлығына қатысты  – 8, жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылықтың – 5,     16 жасқа толмағандармен  жыныстық қатынасқа түсу бойынша  — 17 дерек анықталыпты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.