Байзақ ауданында «Асарлатып үй салу» жобасы аясында салынған тағы бір баспана пайдалануға берілді

0 4

Байзақ ауданы Бәйтерек ауылдық округінде «Асарлатып үй салу» жобасы аясында жалғызбасты, екі баланың анасы Насиба Юлдашева баспана берілді, деп хабарлайды “ZhambylNews” ақпарат агенттігі.

Бүгінгі күнге дейін ауданда 6 үй пайдалануға берілген.

Айтулы шараға қатысқан аудан әкімінің орынбасары Дәуір Дәулетов ауыл тұрғындарының ынтымағы мен ауызбіршілігін көрсеткен игі бастаманың маңызына тоқталып, атсалысқан жомарт жүректі азаматтарға алғысын айтты.

Бәйтерек ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жиенғали Жұмағұлов аталған жобаның шарапаты мол екендігін жеткізді.

Бұдан соң қайырымды істің бел ортасында болып, демеушілік танытқан азаматтарға құрмет көрсетілді. Атап айтқанда, тұрғын үйдің салынуына айрықша үлес қосқан жеке азаматтар мен кәсіпкерлер аудан әкімі, аудандық мәслихат және «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының Грамотасымен және Алғыс хаттарымен марапатталды.

— Әр отбасының өз үйі болса, ол – бақыт. Міне, бүгін осы бақытты сезініп отырмын. Баспаналы болуыма жағдай жасап, арманымның орындалуына жәрдем еткен облыс, аудан басшысына, барлық азаматтарға шын ниетіммен алғыс айтқым келеді,– деді қоныс той иесі.

Жеке кәсіпкер Бақытжан Жұмабековтің демеушілігімен тұрғын үйдің төңірегіне еуроқоршау тұрғызылған. Кең жүректі Эльмурат Күнибеков тұрғын үйдің есіктеріне, линолеум, кілем, әрлеу материалдарымен қамтамасыз етіпті. Сондай-ақ, Омарали Халиев баспана иесінің қорасына 3 бас қойды байлап, жем-шөп жеткізіп беріпті. Бұған қоса, мәрт азаматтардың қолдауымен балалар керуеті, асхана жиһазы, шағын стол мен орындық алынған екен.  Жақсылыққа ұмтылған жандар арқылы қоныс тойын тойлап отырған отбасының қуанышында шек жоқ.

Leave A Reply

Your email address will not be published.