Жамбыл облысында «Шаңырақ 5-10-20» жобасы аясында алатын үйлердің ең жоғарғы заем сомасы 12 млн теңгені құрайды

0 0

Жамбыл облысында «Шаңырақ 5-10-20» пилоттық жобасы аясында ең жоғарғы заем сомасы жеке құрылыс салушылар ұсынған жаңа үйлер бойынша 12 млн. теңгеге дейін, деп хабарлайды “ZhambylNews” АА.

Ағымдағы жылы өтінімдер 1986-2020 жылдар аралығында әкімдікте есепте тұрған Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің салымшыларынан, сондай-ақ, банк салымшысы болып табылмайтын әкімдік кезегіндегі азаматтардан қабылданады. Егер сіз әкімдік кезегінде тұрсаңыз, онда бағдарламаға қатысу үшін дәл қазір өтінім бере аласыз. Ол үшін сіз «Өтінім беру» түймесін басып, өтінімді толтыру үшін ЖССБ24 Интернет банкингіне өтуіңіз қажет, — деді «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» Жамбыл облыстық филиалының бизнесті дамыту бөлімінің бастығы Бердияр Құттыбаев «ӨКҚ» алаңында өткен брифингте.

ЗАЕМ АЛУ ҮШІН НЕ ІСТЕУ КЕРЕК?

«Шаңырақ» пилот жобасына тұрғын үйге мұқтаж ретінде әкімдікте есепте тұрған азаматтар қатыса алады.

Соңғы алты ай ішіндегі отбасының әрбір мүшесіне келетін табыстың бір айлық көлемі 3,1 күнкөріс минимумынан (КМ, 2020 жылдың 1 сәуірінен бастап – 32 668 теңге) артық болмауы керек. Яғни 2020 жылы отбасының бір мүшесінің табысы 101 270 теңгеден аспауы тиіс.

Баспананы кез келген жаңа тұрғын үй кешенінен сатып алуға болады. «Шаңырақ» жобасының аясында салынған жаңа тұрғын үй кешендерінен де, жеке құрылыс салушылардан да пәтер сатып алу мүмкіндігі қарастырылған. Сондай-ақ, «Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қоры» АҚ кепілдігі бар құрылыс компанияларынан үлестік қатысу арқылы (пайдалануға берілмеген үйлерден) тұрғын үй сатып ала аласыз.

Ең жоғарғы заем сомасы деке құрылыс салушылар ұсынған жаңа үйлер бойынша Қазақстанның әр аймағына байланысты: Нұр-Сұлтан, Алматы және осы қалалардың маңындағы аймақтар-18 млн теңге

Ал, Атырау, Ақтау, Ақтөбе, Түркістан, Шымкент және Қарағанды қалалары, сондай-ақ Қарағанды облысында-15 млн теңге болса, басқа аймақтарда — 12 млн теңгені құрайды.

Әкімдік салған несиелік тұрғын үй бойынша 1 шаршы метрге келесі баға параметрлері белгіленген: 240 мың теңгеге дейін — Алматы қаласында, 220 мың теңгеге дейін — Нұр-Сұлтанда және осы қала маңындағы аймақта, 200 мың теңгеге дейін — Шымкент қаласында және Алматы маңындағы аймақта, 180 мың теңгеге дейін — Ақтөбе, Атырау, Ақтау, Түркістан, Қарағанды қалаларында және Қарағанды облысында және 160 мың теңгеге дейін — басқа аймақтарда.

Сіз негізгі кіріс көзі болған жағдайда несие ала аласыз. Негізгі кіріске еңбек және/немесе кәсіпкерлік қызметтен түсетін табыс жатады.

Егер сіздің негізгі кірісіңіз жеткіліксіз болса, онда сіз қосымша табысты қосып есептей аласыз.

Егер сіздің табысыңыз несиені өтеуге жеткіліксіз болса, онда сіз 2 қосалқы қарыз алушыны тартуыңызға болады.

Негізгі кіріске мыналар жатады: айлық жалақы, жеке кәсіпкерліктен түсетін кіріс, өтеулі қызмет көрсету шарты бойынша түсетін табыс

Ал, қосымша кіріске зейнетақы және зейнетақы аударымдары
(негізгі кіріс болған жағдайда), экологиялық төлемдер, тұрғын үй төлемдері жатады.

БАҒДАРЛАМА БОЙЫНША ҮЙДІ АЛУ ЖОЛДАРЫ:

1. Әкімдікте кезекте тұру. Тұрғын үйді өзіңіз кезекте тұрған аймақтан сатып ала аласыз. Жаңа пәтерді «Шаңырақ» бағдарламасының аясында салынған тұрғын үй кешендерінен де, жеке құрылыс салушылардан да сатып алуға болады.

2. Бағдарламаға қатысу үшін электронды түрде өтінім беру. Электронды түрде өтінім беру үшін жоғарыдағы «Тексеру және өтінім беру» түймесін басу қажет.
Өтінім берілгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде сізге банкте кездесуді тағайындау үшін байланыс орталығының қызметкері қоңырау шаладыБанкте төлем қабілеттілігіңізді белгіленген уақыттағана растай аласыз.

3. Тұрғын үй құрылыс жинағы туралы келісім-шарт бекіту. Мұны Сізге Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің кез келген бөлімшесінде, несиелік өтінім беруге тағайындалған уақытта банкке келу арқылы бекітуге болады. Келісім шартты бекіту үшін жеке куәлігіңіз жеткілікті.

4. Төлем қабілеттілігін бағалаудан өту. Атыңызда несие бар болса, ол төлем қабілеттілігіңізге әсер етуі мүмкін. Басқа несиелер бойынша уақтылы өтелмеген қарыз болса, оларды жабуға кеңес береміз.

5. Тұрғын үй таңдау. Бұл кезеңде Сізге тұрғын үй іздеп, таңдап, кез келген бағалау ұйымы арқылы таңдалған баспананы бағалап, сатушыдан тұрғын үйдің құқық белгілеуші құжаттарының көшірмелерін алу қажет.

6. Заем ресімдеуге мақұлдау алу (мақұлдауалу мерзімі 10 жұмыс күнінен аспайды). Ол үшін сізге жылжымайтын мүліктің бағалау нәтижелерін, құқық белгілеуші құжаттардың көшірмелерін алып, банк бөлімшесіне келіп, заем ресімдеуге және сіз таңдаған үйдің кепілі бойынша мақұлдау алу керек.

7. Бастапқы жарнаны аудару. Ең төменгі бастапқы жарна заем сомасының 10%-на тең. Ақшаны банк бөлімшелері, интернет-банкинг, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің төлем терминалдары немесе банктің серіктес ұйымдарының интернет-банкингі мен төлемтерминалдары арқылы аударуға болады.

8. Сатушымен сатып алу-сату келісім-шартын бекітуМақұлдау алған соң Сізге нотариуста сатушы мен сатып алу-сату келісім-шартын бекітіп, жұбайыңыздың кепілге рұқсатын (қажет болған жағдайда) алу керек.

9. Заем алу. Банкке жылжымайтын мүліктің сатып алу-сату келісім-шартын және жұбайыңыздың кепілге рұқсатын өткізгенен кейін банк заемы туралы келісім-шарт бекітіп, халыққа қызмет көрсету орталығында немесе нотариуста кепілді тіркеу керек. Осыдан соң заем беріледі.

10. Өз пәтеріңізге немесе үйіңізге көшіп кіру!

Leave A Reply

Your email address will not be published.