Жамбыл облысында праймеризге 767 кандидат қатысты

0 6

Жамбыл облысында праймериз шаралары жоспарлы жүзеге асып, оған 767 кандидат қатысты. Бұл туралы «Nur Otan» партиясы Жамбыл облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мәди Мәтен «ӨКҚ» алаңында өткен брифингте айтты, деп жазады “ZhambylNews” АА.

2019 жылғы 21 тамызда «Nur Otan» партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында Елбасы – партия Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен «Сенім. Диалог. Болашаққа нық қадам – «Nur Otan» партиясының 7 серпіні» атты партия жұмысын жүйелі жаңғырту процесі басталған болатын. Кеңесте Қазақстанның Тұңғыш Президенті ішкі партиялық іріктеудің қажетіне тоқталды: халықаралық тәжірибе бойынша праймериз – партияның белсенді мүшелері мен көшбасшыларын айқындаудың ең тиімді тетігі екенін де айтты.

«Мықты лидерлер – Мықты партия» қағидаты бойынша 2020 жылғы 17 тамыз бен 3 қазан аралығында бүкіл республика көлемінде өтетін праймеризде тек бастауыш партия ұжымы ұсынғандар ғана емес, елдің бүгіні мен ертеңіне алаңдаған кез келген белсенді қазақстандық үміткер бола алды.

— «Nur Otan» партиясы жұртшылықтың әртүрлі санаттарын қамтуға көңіл бөліп отыр. Сондықтан партиялық тізімде әйелдерге кем дегенде – 30%, 35 жасқа дейінгі жас ұрпақ өкілдеріне  20% квота бөлінді. Соның ішінде көпбалалы аналардың, қандастардың, мүмкіндігі шектеулі жандардың және басқа да әлеуметтік топтардың өкілдері енгізілді, — деді Мади Мейірбекұлы.

Облыс бойынша бір депутаттық орынға орта есеппен 5 (5,3) адамнан келді.  Кандидаттардың 270-і (35,2%) әйелдер, 221-і 35 жасқа дейінгі жастар, 28-і көп балалы аналар, 29-ы қандастар және  8-і мүмкіндігі шектеулі жандар.

Сол секілді, 290 білім және ғылым, 117 ШОБ және өндіріс, 108 қызмет көрсету,  65 мәдениет және спорт, 55 денсаулық сақтау, 28 мемлекеттік қызмет, 27 ауылшаруашылығы саласы өкілдері, т.б. бар.

Сондай-ақ, кандидаттардың 111-і бастауыш партия ұйымдарынан ұсынылса,  656-сы өзін-өзі ұсыну мүмкіндігін пайдаланды.

Облысы бойынша 53420 партия мүшесінің 47415-і дауыс беруге қатысып, 88,8%-ды құрады (онлайн дауыс берушілер 36639 (68,6%), дәстүрлі дауыс берушілер 10776 (20,2%) партия мүшесі).

Нәтижесінде республика өңірлері арасында 7-ші орынды иелендік. 

Сондай-ақ, 10-12 қараша аралығында Тараз қалалық және аудандық филдиалдардың конференциялары өтеді. Конференцияларда сайлауалды бағдарлама жобалары бекітіліп, өкілдік нормасына сәйкес жария пікірсайыстар өтеді және 17 қараша күні өтетін «Nur Otan» партиясы облыстық филиалының кезектен тыс ХХҮІІ конференциясына делегатттар сайланатын болады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.