ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттік өкілдері Жамбыл облысының ұстаздарымен кездесті

0 1

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Парасаттылық департаментінің басшысы Ғанижан Асанұлы және Агенттік жанынан құрылған Республикалық ақпараттық-ағартушылық штабының жетекшісі Ырза Тұрсынзада Жамбыл облысына жұмыс сапары барысында білім беру ұйымдарының басшыларымен кездесті, деп хабарлайды “ZhambylNews” AA.

Жиын барысында облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Ж.Бекбатырова өскелең ұрпақты рухани – адамгершілікке, парасаттылыққа және азаматтық-патриоттыққа тәрбиелеу мақсатында өңірдегі атқарылып жатқан жұмыстар бойынша, әділетті және парасатты тұлғаны тәрбиелеу барысында «Саналы ұрпақ» және «Адал ұрпақ» клубтарының маңыздылығы туралы ойымен бөлісті.

Кездесуде сөз алған үгіт-насихат штабының төрайымы Ырза Тұрсынзада штабтың сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында атқарылып жатқан жүмыстар туралы баяндады.

Агенттіктің сыбайлас жемқорлыққа қарсы ең үлкен қаруы – ұлттың санасын ояту. Қашанғы жұмыстан қуып, қамаққа алуға болады? Ендігі міндет – қоғамды ояту. Ұлт болып ұйысудың басты тетігі — рухани тәрбие, яғни адамзаттың бойында адамгершілік, адалдық, әділдік және парасаттылық сынды құны биік қасиеттер болса, сонда ғана сыбайлас жемқорлық сияқты теріс құбылыстың қоғам өмірінде жолы кесіледі, — деп атап өтті ол.

Өз кезегінде Ғанижан Асанұлы қоғамдағы сыбайлас жемқорлықпен күрес жүйелі әрі ұзақ мерзімді қажет ететін мемлекеттік саясат екендігін атап өтіп, ұжымда жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік ахуалын қалыптастыру үшін жүйелі түрде профилактикалық шараларды өткізу қажеттігін басты назарға алуды ұсынды.

Жиынды қорытындылай келе облыстық ақпараттық-үгіт насихат Штабының төрағасы Қ.Төленедиев қатысушыларды «Жаяудың шаңы, жалғыздың үні шықпайтыны» сияқты сыбайлас жемқорлықтың алдын алуда бірлесе жұмыс жасауға, елге адал қызмет етіп, ары мен абыройын биік ұстауға шақырды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.