Таласта Ұлбике ақынның туылғанына 195 жыл толуына орай республикалық ақындар айтысы өтті

0 26

Талас ауданының Ұлбике ақын атындағы мәдениет орталығында Ұлбике Жангелдіқызының туылғанына 195 жыл толуына орай республикалық ақындар айтысы өткізілді, деп хабарлайды “ZhambylNews” АА.

Айтысқа ҚР Мәдениет қайраткері Әлібек Әмзеұлы, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, ақын Үміт Битенова, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, ақын Шырын Мамасерікова, Халықаралық «Айтыс ақындары мен жыршы-термешілері» одағының Жамбыл облысы филиалы төрағасы Ахметжан Өзбеков, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, ақын Қайырбек Асанов Халықаралық, Республикалық ақындар айтысының бірнеше мәрте бас жүлдегері Күміскүл Сәрсенбаева, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі Сабырғали Рысбаев және тәуелсіз сарапшы белгілі ақан Айтмұхамбет Исақов қазылық етті.

Айтыс нәтижесінде бас жүлдені Байзақтық Алтынкүл Қасымбекова жеңіп алды. Ал жүлделі бірінші орынды Түркістан облысының ақыны Бекарыс Шойбеков иеленді. Байзақ ауданының жас ақыны Дархан Әбдіманап пен Қызылорда облысының ақыны Ержеңіс Әбдиев екінші орынды еншілесе, үшінші орынды Таластық Нұржан Манатпек, Шымкенттік Нұрлан Есенқұлов және Байзақтық Рай Дөңбай қанжығалады.
Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының арнайы тағайындаған жүлдесі Мойынқұмдық жыр жүйрігі Ғабит Есдәулетовке бұйырды. Ал, Облыстық халық шығармашылығының арнайы жүлдесі Дидар Апбасовқа табыс етілді.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өтіп жатқан дүлдүлдер додасы карантин талаптары сақтала отырып, көрерменсіз, тек қазылар алқасының қатысуымен онлайн жүйеде өтті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.