Жамбыл облыстық ассамблея жастары ұлттық мұрамен танысты

0 6

Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ ұйымдастыруымен ұлттық мұраны дәріптеу және қазақстандық жас буынға мәдени-рухани тәрбие беру, қазақстандық бірегейлікті қалыптастыру мақсатында «Менің жетістігімнің тарихы – елімнің жетістігінің тарихы» атты шығармашылық кездесу өткізді, — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА.

Шара облыстық ассамблея жанындағы «Жаңғыру Жолы» ЖҚ облыстық штаб мүшелері мен К.Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармония жанындағы қазақ ұлт аспаптар оркестрі ұжымы қатысты.

Кездесу барысында Кенен Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармония жанындағы қазақ ұлт аспаптар оркестірінің көркемдік жетекшісі Дулат Байзілдаев оркестір жұмысымен толық таныстырды. Сондай-ақ, жастар қазақ музыка өнерінің негізін салушы Әміре Қашаубаев, Күләш Бәйсейітова, Құрманғазы Сағырбайұлы, Дина Нүрпеисова, Нұрғиса Тілендиев, Шәмші Қалдаяқов сынды ұлы тұлғалардың өмірі және өнер тарихы, сондай-ақ қазақ ұлт аспаптар оркестрінің жеткен жетістіктерін де көрсетті.

Бұдан кейін, облыстық ассамблея жастары қазақ ұлттық аспаптар оркестрінің дайындығында болып, аспаптардың шығу тарихын, әр аспаптың ерекшелігімен үнін тыңдады. Қазақ ұлт аспаптар оркестрі келген жас қонақтарға арнап «Сарыарқа», «Адай» шығармаларын орындады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.