Жамбыл облысында Қызыл кітапқа енген қарақұйрықты аулаған браконьер ұсталды

0 12

Жамбыл облысында Қызыл кітапқа енгізілген қарақұйрықты аулаған браконьер ұсталды, — деп хабарлайды «ZhambylNews» ақпарат агенттігі ҚР Экология геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2020 жылдың 12 қарашасында «Охотзоопром» инспекторлары Жамбыл облысы Полиция департаментінің Мойынқұм аудандық полиция бөлімі және Жамбыл облысы Полиция департаментінің Шу ауданаралық есірткі бизнесіне қарсы күрес бөлімі қызметкерлерімен бірлесіп жедел іс-шара өтізді.

Жедел іс-шара барысында «Қарақыстық» жерінде қарақұйрықтың етімен 1986 жылы туған А. есімді азамат ұсталды.

Еске сала кетейік қарақұйрық қызыл кітапқа енген аң саналады. Аталған факт бойынша ҚР ҚҚ 337-бабының 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.