Жамбыл облысында ІІ тоқсаннан бастап 1-5 сынып оқитын 59 090 оқушы дәстүрлі оқуға көшеді

0 2

Жамбыл облысында ІІ тоқсаннан бастап 1-5 сынып оқитын 59 090 оқушы дәстүрлі оқуға көшеді. 2020 жылдың соңына дейін 22 елді мекенге мобилдік интернет желісі орнатылады. Бұл туралы ӨКҚ алаңында өткен брифинг барысында Білім басқармасының басшысы Гүлнәр Ходжабергенова айтты, деп жазады “ZhambylNews” AA.

Спикердің сөзінше, интернет игілігімен 46 елді мекенді қамту жоспарланған. Бүгінде 24 ауылда актив мобилдік интернет желісі жұмыс істеп тұр. Бұл игілікке өзге де ауылдар қол жеткізу үшін ауыл тұрғындарының саны 250 немесе одан көп болуы шарт. Осы талап негізінде жоғарыда айтылған 24 ауылға орнатылған.

Айта кетейік, аймақта интернеті жоқ 130 елді мекен бар. Сондықтан онда орналасқан 123 мектептің 113-і дәстүрлі оқуға көшірілген. 10 елді мекендегі 10 мектеп мобильді операторлары арқылы жұмыс жасауда.

Жыл басталғалы жалпы облыста 442 мектепте 238 682 оқушы білім алды. Оның ішінде 229 мектеп 147 873 оқушыны қашықтықтан оқытты. Бұл облыс оқушыларының 62% құрады.
213 мектепте 31 975 оқушы дәстүрлі түрде білім алды. Көрсеткіші 13/4%;
Енді ІІ тоқсаннан бастап 1-5 сынып оқитын 59 090 оқушы дәстүрлі оқуға көшеді. Ал, 215 мектепте 144 108 оқушы қашықтықтан білім алатын болады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.