Ерназарда “Асар” дәстүрімен салынған баспана пайдалануға берілді

0 4

Жамбыл ауданы Ерназар ауылдық округінде “Асар” дәстүрімен салынған баспана пайдалануға берілді, деп хабарлайды “ZhambylNews” ақпарат агенттігі.

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың бастамасымен қолға алынған «Асарлатып үй салу» жобасы көптің көңілінен шығып, кең қолдауға ие болды. Барлық ауданда жүзеге асып, мұқтаж отбасыларға баспана салып жатқан көрші-қолаң мен тұрғындар «әп, бәрекелдіге» әбден лайық. Жамбыл ауданында да жоба аясында атқарылып жатқан жұмыстар баршылық.

Көпбалалы әке Нұрбол Алтынбекұлына арнап салынған пәтер 4 бөлмелі. Жылыту жүйелері тартылып, ішкі бөлмелері жабдықталған.

Ерназарлықтардың қуанышына ортақтасуға арнайы келген аудан әкімінің орынбасары Нұрлан Несіпбеков пен аудан әкімі аппаратының басшысы Жомарт Телеуов баспана иесін құттықтап, береке – ауылда екенін тілге тиек етті.

Алдымен алғысты ауыл тұрғындарына, шаруа қожалық төрағаларына, қалталы кәсіпкерлерге білдіргеніміз жөн болар. Осында асарлатып үй салып жатыр екенсіздер деп қаржылай қолдау көрсетуге, қол көмегін созуға қайырылған азаматтардың қайырлы амалдары өздеріне еселеп қайтсын. Облыс әкімінің бұл жобасы халықтар арасын жақындастырып, мейірімділік пен қамқорлықтың үлгісін қалыптастырды. Біз, ерназарлықтар, баспанадан бала-шағаның сыңғыр күлкісін есту үшін аянып қалған жоқпыз. Пейілімізге қарай, мақсатымызға да жеттік. Қоныс тағы да құтты болсын, – деді ағынан жарылып ауыл әкімі Мырзахан Әбдіқұлов.

Leave A Reply

Your email address will not be published.