Сарысу аудандық мәдениет үйінде бос орындар жәрмеңкесі өтті

0 6

Сарысу аудандық мәдениет үйінде жұмыспен қамту орталығының ұйымдастыруымен бос орындар жәрмеңкесі өтті, деп хабарлайды “ZhambylNews” ақпарат агенттігі.

Жәрмеңкеде сөз алған жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Ж.Баубеков, Донда Сенбин атындағы орта мектебінің директоры Е.Дүйсенбин жұмыс берушіге білікті маман табуға, жұмыссыздың жұмысқа орналасуына сәттілік тіледі.

Жәрмеңкеге 10 мекемеден 45 бос жұмыс орны туралы сұраныс ұсынылды. Аудандық орталық ауруханасы — 6 бірлік, Үшбас мектебі — 4 бірлік, Д.Сенбин атындағы орта мектебі — 1, Досбол орта мектебі — 1, Арыстанды орта мектебі -1, Шағалалы орта мектебі -1, «Қазфосфат» ЖШС — 11 бірлік, «Асыл-тұз» ЖШС — 5 бірлік, «Жаңатас-Су-Жылу» — 3 бірлік, «Шах» дәмханасы — 12 бірлік бос орын ұсынылды.

Ұйымдастырылған аудандық бос жұмыс орындары жәрмеңкесінен 17 жұмыссыз азамат әңгімелесуге жіберілді. Қалған жәрмеңкеге қатысушыларға жұмыспен қамту уәкілетті органының мамандары жұмыссыз ретінде тіркелу туралы ұсыныс жасады. Жәрмеңкеге қатысушылардың сұрақтарына толыққанды жауап берілді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.