Өңірде пандемия кезінде санитарлық талаптарды қатаң сақтау жөнінде тікелей эфирде бірнеше кездесу өтті

0 27

Өңірде ағымдағы жылы Тараз қалалық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы мамандарының қатысуымен пандемия кезінде санитарлық талаптардың қатаң сақтау жөнінде 3 рет  тікелей эфирде кездесу өтті, деп жазады “ZhambylNews” AA.

Кездесу пандемия кезінде санитарлық талаптарды қатаң сақтап, өзін және өзгелерді қорғау және залалсыздандыру құралдарын дұрыс пайдалану мақсатында Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасының «Қоғамдық сақшы» әлеуметтік жобасы аясында «Үздіктер таңдауы» қоғамдық бірлестігінің ұйытқы болуымен ұйымдастырылған.

Тікелей эфир барысында Тараз қалалық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы мамандары санитарлық талаптардың сақталуын басты назарда ұстап төмендегідей кеңестерін берді: 

Үйіңізден шықпаңыз! Каратиндік жағдайдың талаптарын қатаң сақтаңыз! Тыныс алу гигиенасы ережелерін сақтаңыз! (Жөтелгенде және түшкіргенде аузыңыз бен мұрныңызды майлықпен жабыңыз. Дереу майлықты қақпағы бар қоқыс контейнеріне лақтырыңыз да, қолыңызды спирті бар антисептикпен немесе сабындысумен жуыңыз). Сондай-ақ, күніне екі рет құрамында хлоры бар немесе басқа дезинфекциялаушы құралдарды қолдана отырып, ылғалды тазалау жүргізіңіз! Бұған қоса, үй-жайды жиі желдетіп отырыңыз!;

Жеке бас гигиенасын сақтаңыз және қолды әр 15-20 минут сайын жуыңыз(түшкіргеннен немесе жөтелгеннен кейін, науқастарға күтім жасау кезінде, пісіру алдында, кезінде және кейін, тағамды тұтынудан бұрын, дәретханаға барғаннан кейін, қолдар анық ластанған кезде, жануарлармен немесе олардың тіршілік әрекетінің қалдықтарымен жанасқаннан кейін). Азық-түлік қауіпсіздігі ережелерін сақтап, салауатты өмір салтын ұстаныңыз, құнарлы тамақтаныңыз! (Иммунитетті нығайтатын витаминдерді қабылдаңыз немесе олардың жоғары құрамы бар өнімдерді қолданыңыз). Сонымен қатар, қолды залалсыздандырыңыз және бетперде тағып жүріңіз!

Коронавирустың жаңа түрін жұқтырмау үшін ең алдымен иммунитетті көтеру керек. С дәрумендері бар апельсин, киви, итмұрынды көбірек тұтынып, теңіз өнімдерін ас мәзірінен шектей тұрған жөн. 

Leave A Reply

Your email address will not be published.