Жаңатаста Сәкен Сейфуллин орта мектебі «Түлектермен жүздесу» атты онлайн марафонын бастады

0 30

Сарысу ауданы, Жаңатас қаласының Сәкен Сейфуллин орта мектебі «Түлектермен жүздесу» атты онлайн марафонын бастады, деп хабарлайды “ZhambylNews” ақпарат агенттігі.

Мектеп ұжымы әр жылы аталмыш мектептен түлеп ұшқан түлектермен жүздесуді дәстүрге айналдырмақ. «Онлайн жүздесудің» ұйымдастырушысы Сәкен Сейфуллин орта мектебінің кітапхана меңгерушісі Эльмира Нұрымбетова. Бұл жолы 9″ә» сыныбы 1994 жылғы мектеп бітірген түлек Балзия Баешовамен жүздесті.

Сынып жетекшісі Жансая Мәлтаеваның оқушылары өзекті де мағыналы сұрақтарын ортаға салды.
1994 жылы осы орта мектептен қанат қаққан Балзия Шегетайқызы бүгінде М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің доценті, филология ғылымдарының кандидаты. Оқушылардың көкейіндегі сұрақтар Б.Баешованың мектеп өміріндегі қызықтардан басталып, бүгінгі тыныс тіршілігіне ұласты. Бірнеше кітаптың авторына қойылған сұрақтар көбінесе мамандық таңдау тұрғысында болды.

— Журналистика мамандығына деген сүйіспеншілігім мектеп оқып жүргенде басталды. Жаңатас қаласынан шығатын «Қаратау кеншісі», «Сарысу газетіне» шыққан әрбір туындым болашаққа қанат бітірді. Қиялымдағы мамандыққа деген талпыныс күн санап артты. Сол асыл арманмен 2000 жылы Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ Түрік университетін журналистика мамандығы бойынша үздік дипломмен бітірдім. 2010 жылы кандидаттық диссертациямды сәтті қорғадым.
Осы жетістігім үшін Сәкен Сейфуллин мектебіне алғысым шексіз, — деп тебіренді ол.

Жүздесу барысында оқушылар да өз сезімдерін, мамандық таңдаудағы талғамдарын ортаға салды. Кездесуді ұйымдастырушылар осындай игі істердің алдағы уақытта жалғасын табатынын тілге тиек етті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.