“Nur Otan” партиясы Жамбыл облыстық филиалының кезектен тыс XXVII конференциясы өтті

0 0

Бүгін «Шахристан тарихи-мәдени кешенінің» Көрме павильонында “Nur Otan” партиясы Жамбыл облыстық филиалының кезектен тыс XXVII конференциясы өтті, деп хабарлайды “ZhambylNews” AА.

Конференцияны партия Жамбыл облыстық филиалының төрағасы, облыс әкімі Бердібек Сапарбав жүргізді.

Кезектен тыс өтіп жатқан конференцияның күн тәртібінде Жамбыл облысы бойынша партияның сайлауалды бағдарламасын бекіту, ҚР Парламентінің Мәжілісіне пікірсайыс қорытындысы бойынша кандидаттарға дауыс беру және “Nur Otan” партиясынан Жамбыл облыстық маслихатының депутатын сайлау бойынша партиялық тізімді бекіту мен партияның кезектен тыс XXVII съезіне делегаттарды сайлау мәселелері қаралды.

Пікірсайысқа екі топқа бөлінген 15 кандидат қатысты. Әр үміткерге 3 минуттан уақыт беріліп, өз баяндамалары мен ұсыныстарын айтты.

Конференцияның күн тәртібіндегі мәселе бойынша партия облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Балабек Нарбаев пен төрағаның орынбасары Мәди Мәтен хабарлама жасады.

Бұдан кейін, пікір сайысқа түскен ҚР Парламентінің Мәжілісіне кандидаттарға дауыс берілді. Нәтижесінде ҚР Парламенті Мәжілісіне үміткерлердің тізімі бекітілді. Ең жоғары дауыс жинаған Мойынқұм ауданының әкімі Мәден Мұсаев , Мейрамбек Төлепберген , Гүлдара Нұрымова, 15 кандидаттың ішінен алға шықты.

Жиын соңында партия облыстық филиалының кезектен тыс конференциясының қортындысы бойынша арнаулы қаулы қабылданып, айтылған ұсыныстар қаулыға енгізілді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.