Тараз қаласында саяжайлар мен тұрғын алқаптарды инфрақұрыммен қамтамасыз ету мәселесі шешімін табуда

0 3

Тараз қаласында орналасқан 28 саяжай мен тұрғын алқаптар болашақта электр энергиясымен қамтамасыз етіледі. Қазір бұл бағытта қаржы қарастырылып, мемлекеттік сатып алу конкурысының қорытындысы алынған,- деп хабарлайды «ZhambylNews» ақпарат агенттігі.

Бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде тұрғындар саяжайлар мен тұрғын алқаптарды инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету мәселелерін үздіксіз көтеріп келеді. Шаһар басшылығы биыл бұл бағыттағы жұмыстарды қолға алып, ауқымды жоспарды жүзеге асыруда.

Қазіргі таңда «Шалғай Қарасу», «Тектұрмас», «Қарасай», «Құмшағал», «Шөлдала», «Көлтоған», «Қызыл-Абад», «Шаңырақ», «Казарма», «Жиделі» алқаптарын, «Құмшағал» станциясын және осы алқаптарға жапсарлас орналасқан 28 саяжайды электрмен қамтамасыз ету бойынша құрылыс жұмыстарын бастауға қаржы қарастырылып, мемлекеттік сатып алу конкурсының қорытындысы алыныпты. Ал, сумен қамтамасыз ету бойынша сметалық құжаттамалар әзірленіп 2021-2022 жылдары қаржыландырылуға ұсынылмақ.

Шаһардағы бұл алқаптар тек электр энергиясы, сумен ғана емес көгілдір отынмен де қамтамасыз етілетін болады. Бұл жұмыстарды жеке құрылыс серіктестіктері атқаруда. Қазір «Құмшағал», «Шөлдала», «Көлтоған», «Қызыл-Абад», «Казарма», «Жиделі» шағын аудандары мен «Құмшағал» станциясына газ құбырлары тартылып, пайдалануға берілуде.

Ал, 28 саяжайдың 9-ында тұратын отбасылар көгілдір отынға қол жеткізген. Аталған жұмыстар 2021 жылы аяқталады деп жоспарланған.

Leave A Reply

Your email address will not be published.