Тараз қаласындағы су арналары қашан қалпына келтіріледі

0 3

Келер жылы Тараз қаласындағы арық атыздарда су жүруі тиіс. Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев жауаптыларға осындай міндет жүктеді. Алайда Тараздағы ирригация жүйелерін қалпына келтіру бойынша осыдан үш ай бұрын жасақталған жұмысшы тобы тарапынан күні бүгінге дейін ұсыныс түспеген. Мамандар жалпы ұзындығы 164 шақырым болатын су арналарының алдағы жылы тек 36 шақырымы ғана жөнделетін айтып отыр. Себебі көп жылдан бері қараусыз қалған арық атыздарды бастапқы қалпына келтіру оңайға соқпайды, — деп жазады «ZhambylNews» АА. 

Шахардағы су арналарының қазіргі таңда тек 32 шақырымы ғана жарамды. Ал, қалғандарының көзі бітеліп, іші қоқысқа толып, үлкен каналдарды қамыс басқан. Өзге өңірлермен салыстырғанда біздің аймақта ирригация жүйесі көш ілгері. Бірақ осы мүмкіндікті пайдалана алмай отырмыз. Каналдар тіпті жекеге өтіп кейбірінің орнына құрылыс салынып кеткен. Қазір осы мәселе қиындық тудыртып отыр. Тұрғындармен түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, осы бағыттағы мәселелермен айналысу үшін арнайы жұмысшы тобы құрылып жауапты басқарма тарапынан тиісті зерделеу жүргізілген.

Судың жеткіліксіздігінен қыруар қаржы бөлініп отырғызылған жасыл желектер жазда қурап жатыр. Атқарушы биліктіде алаңдататыны осы. Басқармадағылар қураған ағашты  қырқып, орнына  20 көшет отырғызуды ұсынып отыр. Аймақ басшысы уақытты оздырмай жұмысты жеделдету керектігін айтты. Себебі жұмысшы топ құрылғалы 3 айдан бері оң нәтиже жоқ.

Сондай-ақ аймақ басшысы үлкен каналдардың жағалауларын демалыс орындарына айналдыру мәселесін көтерді және жекеге өтіп кеткен каналдарды комуналдық меншікке өткізу керектігін айтты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.