Бақытжан Жақсылықов сарысулықтарды ҚР Тұңғыш Президенті күнімен құттықтады

0 2

Сарысу ауданының әкімі Бақытжан Жақсылықов сарысулықтарды Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен құттықтады, — деп жазады «ZhambylNews» ақпарат агенттігі.

Құрметті сарысулықтар!

Сіздерді 1 желтоқсан — Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен құттықтаймын!

Бұл күн — біздің өз тағдырымызды өзіміз айқындауымызға алғашқы нақты қадам жасаған мемлекеттің мерейлі күні.
Ұлт көшбасшысы сындарлы шақта бірлік пен елдікті, татулық пен достықты ту етіп, тәуелсіздігімізді баянды, егемендігімізді еңселі ете білді.

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың еңбегі мен көреген саясатының арқасында ғасырда жасалар істер қысқа мерзімде жүзеге асты.
Басқарудың президенттік формасы мен тәуелсіздіктің жиырма сегіз жылдық тәжірибесі біздің ел үшін тиімді болып, ішкі және сыртқы саясаттың негізгі бағыттарын айқындауға мүмкіндік берді.

Қазақ елінің тәуелсіздік алғаннан бергі бағындырған шыңдары жетерлік. Тарих үшін қас-қағым сәт болғанымен аз ғана уақыт ішінде буыны енді беки бастаған ел әлемдік деңгейдегі алпауыттармен иық тірестіріп, тың бастамаларға ұйытқы бола алатындығын да паш етіп отыр.

Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты бағдарламасы — мемлекеттік идеологияны айқындайтын басты құжатымызға айналып, жаңа міндеттер алдымызға қойылды.

Бүгінде, Тәуелсіз еліміздің қол жеткізген барлық жетістіктері бірінші кезекте — Тұңғыш Президент есімімен тығыз байланысты.

Сарысу ауданы да Қазақстанның барлық аймақтарымен бірге егемен еліміздің дамуына өзіндік үлес қосып келеді.
Аудан экономикасымен қатар халық саны да артуда. Бүгінгі таңда, Жанатас қаласы мен ауылдық округтерге қарасты 26 елді мекенде 44 мың 462 адам тұрады.
Көптеген игі істер жүзеге асып, әлеуметтік-экономикалық әлеуетіміз күн санап жақсарып келеді. Бұл істердің барлығы — ел бірлігінің, ағайын татулығының арқасында ғана мүмкін болып отыр.

Қадірменді сарысулықтар! Баршаңызды Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен шын жүректен құттықтаймын! Дендеріңізге саулық, еңбектеріңізге табыс, отбастарыңызға амандық тілеймін! Еліміздің болашағы — баянды, келешегі — кемел, бірлігіміз — берекелі, татулығымыз — берік болсын!

Ізгі ниетпен: Бақытжан Жақсылықов, Сарысу ауданының әкімі

Leave A Reply

Your email address will not be published.