Үгіт жүмыстары қыза түсуде

0 3

Бүгіннен бастап «Nur Otan» партиясының Тараз қалалық штабы салтанатты түрде ашылып, іске кірісіп кетті. Үгіт-насихат жұмыстары да ә дегеннен қыза түсті. Бекітілген желілілк кестеге сәйкес, алғашқы аралардың қатарында Тараз қаласында  канбассинг ұйымдастырылды. Нақтырақ айтқанда, партиялық тізімге енген үміткерлер мен еріктілер тобы үй-үйді аралап, тұрғындарға партияның Сайлауалды бағдарламасын түсіндірді.

Шара аясында Жамбыл облыстық және Тараз қалалық мәслихатының депутаттығына үміткерлер Қазақстан Жазушылар одағының мүшелері Қайырбек Асанов пен Күләш Ахметованың отбасына да ат басын бұрды. Кездесу барысында Қайырбек Асанов Кездесу барысында партияның Сайлауалды бағдарламасында қамтылған басым бағыттар әңгіме өзегіне айналды. Әсіресе, аймақтардың әлеуметтік-экономикалық дамуы, сан саланың тынысын кеңейту сынды келелі мүндеттердің берері көп. Ақындар отбасында еліміздің болашағы, жастардың тәрбиесі, ұлттық құндылықтар  туралы пайымды пікірлер айтылды.

Айта кету керек, үгіт-насихат жұмыстарына  «Jas Otan»жастар қанатының еріктілері де белсене атсалысуда. Жалынды жастар жұртшылықпен жүздесуде үгіт-насихат материалдарын таратумен қатар, алдағы сайлаудың мән-маңызы  туралы ойларымен  бөлісуде.

«Nur Otan» партиясының Тараз қалалық сайлау қорының қаражатынан төленді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.