«Nur Otan» партиясы Байзақ аудандық филиалының сайлауалды штабы ашылды

0
26

Бүгін «Nur Otan» партиясы Байзақ аудандық филиалының партиялық тізімдегі кандидаттары, партияның сенімді өкілдері және белсенділердің қатысуымен аудандық сайлауалды штабының ашылу салтанаты болып өтті, деп хабарлайды “ZhambylNews” ақпарат агенттігі.

«Nur Otan» партиясы аудандық филиалында құрылған сайлауалды штабтың төрағасы Бақтияр Ақбаевтың модераторлығымен өткен ашылу рәсімінде партия ардагері, аудандық Қоғамдық кеңестің төрағасы Жұманғали Құмғанбаев, аудандық ардагерлер кеңесінің мүшесі, аудан медиаторы Серік Балабеков, №3 Байзақ колледжінің директоры, кандидат Мұхит Нысанбаев сөз сөйледі.

Сөз сөйлеушілер аудандық партия филиалының желілік кестесі бойынша белгіленген іс-шараларды бірлесе атқаруға және алдағы уақытта партия тарапынан жүргізілетін үгіт — насихат кезеңінде белсенділік танытуға шақырды.

Аудандық сайлауалды штабы 40 партия мүшелерінен құрылса, аппараттық штабта 15 адам бар.

Сонымен бірге, аудандық филиалда 117 сенімді өкілдері мен облыстық және аудандық партиялық тізімге енгізілген 4кандидатқа куәліктер табысталған. Аудандағы 39 сайлау учаскелеріне әрқайсысына партиялық бақылаушыдан бекітілген. Үгіт жұмыстарын ұйымдастыратын 10 мобильдік топ құрылса, ондағы топ мүшелерінің саны 1808 белсенділер қамтылатын болады.

Аудан орталығында және елді мекендерде 52 билборд орналастырылған. Оның ішінде үгіт материалдарын орнату мақсатында «Nur Otan«партиясына 6 орын белгіленді.

Еліміз бойынша кешегі күні жергілікті уақытпен сағат 18.00-де сайлауалды штабының маңдайшасы ілініп, елді мекендерде орналасқан үгіт — насихатқа арналған тақтайшаларға партия белсенділері алғашқы ақпараттық парақшаларды орналастырған. Ендігі мақсат – мемлекет тұтастығы мен көпұлтты халқымыздың бірлігіне негізделген осы сыннан абыроймен өту.

 «Nur Otan» партиясы Байзақ аудандық сайлау қорының қаражатынан төленді.

Жауап калдыру

Please enter your comment!
Please enter your name here