Арыстандыда Президент Жолдауы түсіндірілді

0 1

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арналған «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауы мен танысу мақсатында Сарысудағы Арыстанды орта мектебінің мұғалімдері Т.Ыдырысов, А.Ахметов, С.Айдаров және ауыл тұрғындары арасында «Айқын мақсат жолындағы Жолдау»атты дөңгелек үстел өтті, — деп жазады «ZhambylNews» АА.

— Біріншіден жиырма бірінші ғасырдың ұрпағы терең білімді болғаны жөн.  Екінші, жас буынды ерінбей еңбек етуге бейімдеу қажет. Үшінші, кез-келген істі кәсіби дағды арқылы жүзеге асырған дұрыс. Төртінші ,темірдей тәртіп және жоғары жауапкершілік баршамыздың бойымызда болуы керек. Бесінші, әділдіктен айрылмаған жөн. Бізге керегі адалдық,ұқыптылық,тиянақтылық. Біз сонда ғана бәсекеге қабілетті мемлекет, зияткер ұлт қалыптастыра аламыз, — деп атап өтті Арыстанды ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен өткен шарада кітапханашы Н.Досболаева

Бұдан кейін, Тарих пәнінің мұғалімі Т.Ыдырысов Президентіміздің алға қойған мақсаттарының бірі, Білім саласындағы басты мәселенің бірі ұстаздар жалақысының аздығы. Балаларымыз қай жерде тұрса да, сапалы білім алуы керектігі жөнінде, 2021жылдың қаңтар айынан бастап мұғалімдердің еңбек ақысының 25 пайызға көбейту жөнінде шешім қабылданды. 2023 жылға қарай дәрігерлердің жалақысы эканомикадағы орташа жалақыдан екі есе артық болатыны жөнінде айтты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.